"Қандай пысық келін": Сәкен Майғазиевтің келінінің пысықтығы жұртты сүйсінтті (ВИДЕО)

"Қандай пысық келін": Сәкен Майғазиевтің келінінің пысықтығы жұртты сүйсінтті (ВИДЕО)

фото: ашық дереккөзден. Суретте: Әділет пен Әдия

Танымал әнші Сәкен Майғазиевтің келінінің пысықтығы желі қолданушыларын сүйсінтті. 

Өнер иесінің жұбайы Динара Майғазиеваның атымен шығатын шай өнімдерінің парақшасында келіндері Әдияның дайындаған тағамдары, тәттілері таспаланған видео жарияланды. Видеодан Әдияның неше түрлі тағамдарды дайындап жатқан сәтін көруге болады.

Бұл видеоға өздерінің ерекше пікірлерін жазып, қолдау көрсетіп жатқан жандар да табылды. Олар Сәкен Майғазиевтің келінінің пысықтығына таңғалып, ақ тілегін жаудырып жатыр.