"Жылап аласың сен жындысың": Нұржан Керменбаев әйелі туралы шындықты айтты (ВИДЕО)

"Жылап аласың сен жындысың": Нұржан Керменбаев әйелі туралы шындықты айтты (ВИДЕО)

фото: ашық дереккөзден. Суретте: Нұржан Керменбаев пен жұбайы

Танымал әнші Нұржан Керменбаев Instagram парақшасында жұбайына арналған жаңа әнінің үзіндісін жариялап, жазба астына қысқа ғана "Жындысың" деп қалдырған.

Жаңа туындының атауы да осылай аталады.

Әншінің бұл әрекеті желі қолданушылары арасында қызу пікірталас тудырды. Бірі әнді қолдап, көңілді әрі өмірлік екенін айтса, енді бірі "мән-мағынасы жоқ" деп сынады.

"МашаАлла, құтты болсын жаңа ән, өте керемет, көңілді ән! Мен билеп алдым!", "Мынау қандай ән? Не мағынасы жоқ, не мәні жоқ!", "Осындай жақын танысым бар, кәдімгідей белгілеймін!", "Күшті ән. Көңіл көтереді. Мән-мағынаны басқа жерден іздеңіздер!", "Жындысың деген жері өтті!", – деді желі қолданушылары.