фото: әлеуметтік желіден. Суретте: Айнұр Тұрсынбаева мен Нұржан Иманалиев
Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева Instagram парақшасында әсерлі жазбасын бөлісті.
Ақын бұл жолы ақша мен береке туралы ой қозғап, көпшілікке қарапайым, бірақ мағыналы кеңес айтты.
"Шешілмейтін мәселе жоқ! Біз ақшаға емес, ақша бізге қызмет ету керек... Дүниеге емес Аллаға құл болуды үйренсек Алла бізге бәрін үйіп-төгіп береді... Үйге көп қонақ шақырыңыздар... Студенттерге аптасына бір рет болса да ыстық тамақ беріп тұрыңыздар... Ыстық шелпектен ауладағы балаларға таратыңыздар... Аптасына 2 рет бауырсақ, шелпек, ыстық нан пісіріп тұрыңыздар... Үйге береке солай келеді! Дастарханы мол жайылған әйелдің балаларының көңілі тоқ болады...", – деп жазды Айнұр Тұрсынбаева.
Ақынның айтуынша, дастарханы мол жайылған әйелдің балалары рухани да, материалдық тұрғыдан да тоқ болады.