"Әкемді ұрдым": ММА жауынгері өзінің ең ауыр қателігін есіне алды (ВИДЕО)

"Әкемді ұрдым": ММА жауынгері өзінің ең ауыр қателігін есіне алды (ВИДЕО)

фото: naiza.tv. Суретте: Жұман Жұмабеков

Танымал ММА спортшысы Жұман Жұмабеков журналист Динара Алжанға берген сұқбатында марқұм әкесіне қатысты өміріндегі үлкен өкінішін бөлісті, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Спортшының айтуынша, ол кезінде әкесіне қол көтеріп, сол әрекетіне қатты өкініп жүргенін жасырмады.

"Әкем мені емес, мен әкемді ұрған едім. Осы әрекетім – менің ең үлкен қателігім. Ол кісіден кешірім сұрап үлгермегенім жанымды жейді. Әкемді жақсы көретінмін. Өмірге әкелген адам ғой. Егер оның кетіп қалатынын білгенімде, "кешір мені" деп, кешірім сұрар едім. Қатты өкінемін", – деді Жұман Жұмабеков.

Бұл сөздер желі қолданушыларының түрлі пікіріне себеп болды. Көпшілік оның әрекетін ауыр сынға алып, қатты айыптап жатыр. Кейбір пікірлерде:

"Әкеңе қол көтерсең, оңбайсың", "Сенен жақсылық шықпайды", "Өз балаңнан күт енді", "Бұл өкініш емес, бұл – жанды өртейтін өлім", – деген секілді ауыр сындар айтылды.