фото: olympic.kz. Суретте: Самирхон Абабакиров
Германияда өткен 2025 жылғы жазғы бүкіләлемдік Универсиада өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Медальдар саны бойынша Жапония құрамасы көш бастады – олар 34 алтын, 21 күміс және 24 қола медаль жеңіп алды. Екінші орынға Қытай жайғасты – 30 алтын, 27 күміс, 17 қола медаль. Ал үздік үштікті АҚШ түйіндеді – 28 алтын, 27 күміс және 29 қола жүлде.
Қазақстан құрамасы Универсиада-2025 жарысында жалпыкомандалық есепте 37-орын алды. Қазақстандық спортшылар 1 алтын және 10 қола медаль еншіледі.
Универсиада-2025 медальдық есебі бойынша үздік 10 ел:
- Жапония – 34 алтын, 21 күміс, 24 қола (барлығы 79 медаль)
- Қытай – 30-27-17 (74)
- АҚШ – 28-27-29 (84)
- Оңтүстік Корея – 21-9-27 (57)
- Италия – 14-10-19 (43)
- Германия – 11-12-17 (40)
- ОАР – 6-5-8 (19)
- Түркия – 6-5-7 (18)
- Тайвань – 5-13-7 (25)
- Польша – 5-11-8 (24)
...
37. Қазақстан – 1 алтын, 0 күміс, 10 қола (11 медаль).