фото: madenietportal.kz коллажы. Суретте: Гүлнұр Бесбаева мен Жазира Байырбекова
Танымал әнші Жазира Байырбекова "Музарт" тобының мүшесі, эстрада жұлдызы Мейрамбек Бесбаевтың туған қарындасын көп жылдан кейін қайта көргенін айтты. Бұл туралы MADENIPORTAL.KZ хабарлайды.
Әншінің айтуынша, ол Гүлнұр Бесбаевамен соңғы рет 12 жыл бұрын жүздескен.
"Гүлнұр кезінде кішкентай қыз болатын. Шашы қысқа, өзі арықтау еді. Содан бері алғаш көріп тұрмын. Қазір – бес баланың анасы. Қазақстанның жарық жұлдызы Мейрамбектің туған қарындасы Гүлнұр Бесбаева", – деді Жазира Байырбекова.
Айта кетейік, Жазира мен Гүлнұрдың бұл кездесуі әлеуметтік желі қолданушыларының қызығушылығын тудырып, жылы пікірлерге толы болды.