фото: instagram/meir_halyq_zangeri
Белгілі заңгер Мейірман Шекеев туған күнінде ерекше сыйлыққа ие болды.
Шерзат ісінде жәбірленуші тараптың мүддесін қорғағаны үшін әріптестері мен жақын достары оған Умраға жолдама тарту етті. Бұл жаңалығымен Мейірман мырза өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.
Сыйлық көпшіліктің жүрегін елжіретіп, әлеуметтік желі қолданушылары жылы лебіздерін жаудырып жатыр:
"Қазақтың намысты, бетке ұстар азаматтары!, "Жүздерінен мейірім мен шуақ төгіліп тұр!", "Мейірман мырза, анаңызға қатты ұқсайды екенсіз!", "Халық үшін адал еңбек етіп жүрген азаматтарға мың алғыс!"
Көпшілік бұл сыйды әділдік жолында тер төгіп жүрген азаматқа көрсетілген құрметтің белгісі деп бағалап, Мейірман Шекеевке амандық, қажылығы қабыл болсын деген ізгі тілектерін білдіруде.