Халыққа мыңдаған үй сыйлаған "Асар Уменің" арты таза ма? (ВИДЕО)

Халыққа мыңдаған үй сыйлаған "Асар Уменің" арты таза ма? (ВИДЕО)

фото: instagram.com/nomad.today. Суретте: Асхат Нұрмашев

Қайырымдылықпен айналысатын "Асар Уме" қорының президенті Асхат Нұрмашев аталмыш ұйымның негізгі қаржылық жағдайы туралы айтты. 

Асхат Нұрмашевтің журналист Аман Тасығанға берген сұқбатында қордың қаржылық мәселелері туралы ашық айтты.

"Қаржы монитронигтік агенттігіне біздің барлық қаржылық жағдайымыз белгілі. Бізде бірнеше жылдан бастап әр дүйсенбі күні халыққа арнайы есебімізді көрсетеміз. Үйді тауып, оны бергенімізді, қанша жинағанымызға дейін көрсетеміз. Сондай-ақ біз әр жыл сайын аудиторлық тексеріс жасаймыз. Олар екі айға дейін бүкіл құжатты тексереді", – деді Асхат Нұрмашев.