фото: instagram/fari___za____zhan. Суретте: Абай Бегей мен жұбайы
Танымал әнші Абай Бегейдің жұбай әлеуметтік желідегі парақшасына жолдасымен түскен суреттерін жариялады.
Өнер иесінің жұбайы Фариза Instagram желісіндегі ресми парақшасында жолдасымен бірге түскен суреттерін жариялап, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді.
Суреттер астында мыңдаған лүпіл мен жылы лебіздер қалдырылған. Пікір жазушылар ерлі-зайыптының жарасымды жұп екенін айтып, оларға махаббат пен баянды бақыт тіледі.
"Сендер – екі жүрек, бір үміт, бір арманның иесі", "Махаббаттарыңыз мәңгі болсын!", "Бақытты болыңыздар, көз тимесін!" – деген сынды жүрекжарды тілектер жаудырған.
Сонымен қатар, желі қолданушылары Фаризаның отбасына деген қамқорлығын, мейірімділігін ерекше атап өтті.