"Зәкеңнің дүниесін табыстадым": Мақпал Жүнісова ел естімеген шындықты айтты (ВИДЕО)

"Зәкеңнің дүниесін табыстадым": Мақпал Жүнісова ел естімеген шындықты айтты (ВИДЕО)

фото: Азаттық Радиосы. Суретте: Заманбек Нұрқаділов пен Мақпал Жүнісова

Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова әлеуметтік желідегі парақшасында көпшіліктің жүрегін елжіреткен бейнежазбамен бөлісті, деп хабарлайды Alash.kz.

Әнші марқұм жұбайы, белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Заманбек Нұрқаділовтің Кеген ауылындағы ескерткішіне барып, гүл шоғын қойды.

"Кегендегі мектепке Зәкеңнің есімі беріліпті. Мектептің бір бөлмесінде арнайы мұражай ашыпты. Сол мұражайға Зәкеңнің біраз дүниесін тапсырып кеттім. Кеген әкімшілігіне шын жүректен алғыс айтамын!" – деп жазды Мақпал Жүнісова жазбасында.

Желі қолданушылары әншінің бұл игі бастамасын жылы қабылдап, шынайы алғыс пен ықыласын білдіруде.

"Алла разы болсын, Мақпал апай! Кеген халқы сізді ерекше құрметтейді", "Игілікті іс. Сіз керемет жансыз, аман болыңыз", "Зәкеңдей ұлы тұлғаға арналған ескерткіш – мәңгілік естелік болсын!" – деген пікірлер жазылды.