фото: видеодан скриншот. Суретте: Қажымұқан Еркін мен Амир Кадамов
Алматыда өткен Octagon 76 аралас жекпе-жек турнирінде қазақ файтері Қажымұқан Еркін (2-0) мен өзбек Амир Кадамов (2-0) кездесті, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Жекпе-жек жеңіл салмақта өтті және үш раундқа жоспарланған болатын. Алайда кездесу бірінші раундта-ақ. Қажымұқан Еркін қарсыласына қарсы тұншықтыру әдісін сәтті қолданып, мерзімінен бұрын жеңіске жетті.
Осылайша, Қажымұқан Еркін кәсіби ММА-дегі үшінші жеңісіне қол жеткізді, ал Амир Кадамов алғаш рет жеңіліс тапты.
Айта кетейік, бүгінгі Octagon 76 турнирінің басты жекпе-жегінде қазақстандық Георгий Кичигин (32-11) мен бразилиялық Педро Фариас (10-8) октагонға шығады.