фото: әлеуметтік желіден. Суретте: Нұрсұлтан Рысмағамбетов
Белгілі дінтанушы Нұрсұлтан Рысмағамбетов жол апатына ұшырап, жұртшылықтың алаңдаушылығын тудырды.
Уағызшының денсаулығы туралы ақпаратты имам әрі дінтанушы Елдос Жұман әлеуметтік желі арқылы жеткізді.
"Ассалаумағалейкум, құрметті мұсылман бауырлар! Соңғы уақытта тараған ақпараттарға байланысты Нұрсұлтан ұстаздың жол апатына түскені туралы естіп жатқан боларсыздар. Қуанышқа орай, ұстазымыздың жағдайы жақсы, Аллаға шүкір! Қазір емін жалғастырып жатыр, отбасы мүшелері де аман-есен. Ең бастысы – ешқандай қаржы жинау, көмек сұрау секілді әрекеттер болып жатқан жоқ. Бұған сенбеңіздер! Ұстаз үшін дұға жасап, тілекші болайық", – деді ол.