фото: STEFAN ADELSBERGER/APA/AFP via Getty Images. Суретте: Александр Бублик
Қазақстанның үздік теннисшісі Александр Бублик Аустрияның Кицбюэль қаласында өткен ATP 250 санатындағы топырақ жабындысындағы турнирдің финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Әлемдік рейтингте 30-орында тұрған қазақстандық спортшы финалда ол әлемнің 100-ракеткасы, француз Артур Казомен кездесті.
Финалдық матч екі сеттен тұрды және Александр Бублик 6:4, 6:3 есебімен жеңіске жетті.
Теннисшілер кортта 1 сағат 26 минут ойнады. Осы уақыт ішінде Александр Бублик бес эйс жасап, жеті қосар қателік жіберіп, жеті брейк-пойнттің үшеуін тиімді пайдаланды.
Кицбюэльдегі жеңісі үшін Александр Бублик 250 рейтингтік ұпай иеленіп, келесі аптада жаңартылатын әлемдік рейтингте 25-орынға көтеріледі.
Айта кетейік, бұл – қазақстандық теннисшінің бір апта ішіндегі топырақ жабындысындағы екінші ATP 250 турнирдегі жеңісі. Өткен демалыс күндері ол Швейцарияда өткен дәл осындай турнирде де чемпион атанған болатын.