фото: sportinside.kz коллажы. Суретте: Назым Қызайбай
Париж Олимпиадасының қола жүлдегері, белгілі боксшы Назым Қызайбай Instagram парақшасына ерекше әзіл-видео жариялап, желі қолданушыларын бір жымиып алдырып қана қоймай, күлкіге бөлеп қойды, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Боксшы видеоға шашын тақырбас етіп көрсететін фильтрді қолданып, өз образын қалжыңмен өзгертті. Жазбада:
"Сағынған адамға жіберіңіз немесе белгілеңіз. Маған тақырбас болған жараса ма?!" – деп жазды Назым.
Желі қолданушылары күлкілі образға түрлі реакция білдіріп, пікірлерін қарша боратты:
"Мынадан кейін қалай ұзатамын сені", "Тренировкадан кейінгі демалғаны ғой, білгенін істесін, бәрі жарасады біздің чемпион қызға!", "Қатырасың, Назымка! Бүгіндікке ең көп қараған видеом осы болды", "Әдемі түріңді құрттың ғой", "Танымай қалдық қой" – деп әзіл мен мақтау қатар жүрді.