фото: sportinside.kz коллажы
2025 жылғы 26 шілде күні елімізге белгілі дін қызметкері, уағызшы Нұрсұлтан Рысмағамбетұлының жол-көлік оқиғасына тап болғаны хабарланды.
Бұл ақпаратты Mega Kz атты Facebook қолданушысы жариялап, апатқа қатысты суретпен бөлісті.
"Нұрсұлтан Рысмағамбет ұстаз жол-көлік апатына ұшырапты. Алла тағала тезірек сауығып кетуін нәсіп етсін. Дұғамызда болайық" – делінген жазбада.
Алайда Kazislam.kz порталының мәліметінше, әзірге ұстаздың денсаулығына қатысты нақты ресми ақпарат жарияланған жоқ.