фото: ашық дереккөзден
Танымал мектеп директоры Ақмоншақ Нұртазақызы әлеуметтік желідегі парақшасында жаңа видео жариялады.
Мектеп директоры Ақмоншақ Нұртазақызы Instagram желісіндегі ресми парақшасында жаңа жазба жариялап, өзінің негізгі мақсатын мәлімдеді.
"Бұл жолы мен басқаша келдім… Маған үзіліс қажет болды. Ішкі тыныштықты табу, ой елегінен өткізу, алдағы қадамдарды нық жасау үшін өз-өзіммен қалуға тура келді. Сол сәттерде мен сіздердің шынайы қолдауларыңызды сезіндім. Сіздер күттіңіздер. Жаздыңыздар. Сендіңіздер. Бұл мен үшін аса бағалы. Сөйтіп, бұл парақша жай ғана әлеуметтік желідегі аккаунт емес екенін тағы бір мәрте түсіндім. Бұл – менің миссиям. Ұстаздың жанын түсіну, оны қолдау, шабыттандыру. Оқушының үнін есту, оны шын ниетпен тыңдау. Ата-анаға бағыт беру, дұрыс жол сілтеу. Ең бастысы – жаңа ұрпақпен шынайы байланыс орнату.
Бәрі бұрынғыдай сияқты көрінгенімен, менің ішкі әлемімде көп өзгеріс болды. Қазір мен жаңа бір жолдың алдында тұрғанымды анық сеземін. Бұл жол – жаңа тыныс, жаңа бетбұрыс болуы мүмкін. Мүмкін, осы парақшада да жақын күндері бір жаңалық орын алатын шығар... Бірақ менің жүрегім, көзқарасым, мақсатым – сол қалпында. Сенім артқандарыңызға, жанымнан табылып қолдау білдіргендеріңізге шексіз алғыс айтамын. Менің қайтадан әлеуметтік желіге оралуыма себеп болған – дәл сіздерсіздер!" – деді Ақмоншақ Нұртазақызы.