"Ол қарсы болды": Роза Рымбаеваның келіні күтпеген мәлімдеме жасады (ВИДЕО)

"Ол қарсы болды": Роза Рымбаеваның келіні күтпеген мәлімдеме жасады (ВИДЕО)

фото: әлеуметтік желіден. Суретте: Әли Оқапов пен Ақерке Бүркітбай

Танымал әнші Әли Оқаповтың жары Ақерке Бүркітбай әлеуметтік желіде жұбайымен бірге түсірген тренд видеосымен көпшіліктің ықыласына бөленді.

Instagram парақшасында жарияланған видеода ерлі-зайыптылардың жарасымды сәті көрініс тапқан. Ақерке жазбасында:

"Ол қарсы болды. Бірақ контент жеңді", – деп әзілмен бөліскен.

Желі қолданушылары ерлі-зайыптылардың әрекетін сүйсіне қабылдап, жылы лебіздерін жарыса жазуда:

"Әп-әдемі Ақерке, Әли нағыз джентльмен, жұптарыңыз жазылмасын!", "Бақытты болыңдар! Әдемі жарасымдылық!", "Ақерке өте қылықты, әдемі, Әлиге жарасады", "Жандарым, тәтті жұп. Өнерлерің өрлей берсін!"