"Менің мазамды алмасын": Ерке Есмахан күйеуі туралы жұрт күтпеген сөзді айтты

"Менің мазамды алмасын": Ерке Есмахан күйеуі туралы жұрт күтпеген сөзді айтты

фото: Әлеуметтік желіден. Суретте: Райм мен Ерке Есмахан

Ерке Есмахан әлеуметтік желідегі парақшасында үй шаруасы мен балалары туралы айтты.

Бұл туралы өнер иесі Instagram желісіндегі ресми парақшасындағы Stories бөлімінде жазды.

"Екі балада екі няня, үй шаруасын жасайтын адам тағы бар. Муслимде каникул және күнде баскетбол. Менің мазамды алмасын деп осылайша балалардың және үйдің шаруасын реттеп қойдым. Енді күйеуім жұмысынан босаған кезде қолтықтап алып қыдыратын боламын. Осы жолы декреттен ерте шығайын деп тұрмын ау. Жай-жай әнімді де айтып бастаймын Алла бұйыртса", – деп жазды Ерке Есмахан.