фото: әлеуметтік желіден. Суретте: Мақпал Қаратай
Танымал психолог Мақпал Қаратай осыдан бірнеше жыл бұрын жан дүниесінде болған өзгерісті айтып берді.
Бұл туралы ол журналист Аман Тасығанға берген сұқбатында айтты.
"Жан дүнием махаббатты аңсайды. Ер адамның махаббатын, жылуын қаладым. Осыдан бірнеше жыл бұрын Америкада жүрген кезде дүкеннің ішінде бір мексикалық әйелге ұшырасып қалдым. Кіріп келіп едім, ол: "Сенің жаның махаббат аңсап тұр ғой. Жаынң жылап тұр ғой", – деп әңгімесін бастап кетті. Бірақ, расында да, соңғы кездері сондай бір сезім болған. Кейіннен балаларым жүрегімнің иесін табуыма рұқсат берді", – дейді Мақпал Қаратай.