"Жас әйел жасартады": Нұрғали Нүсіпжанов 45 жасқа кіші әйелімен көзге түсті (ВИДЕО)

"Жас әйел жасартады": Нұрғали Нүсіпжанов 45 жасқа кіші әйелімен көзге түсті (ВИДЕО)

фото: sportinside.kz коллажы. Суретте: Нұрғали Нүсіпжанов пен Жадыра Сейдеш

Әнші, Қазақстанның халық әртісі Нұрғали Нүсіпжанов әлеуметтік желідегі парақшасына жаңа видеолар жариялап, көпшілікті тәнті етті.

Нұрғали Нүсіпжанов бұл жолы өзінің әйелі Жадыра Сейдешпен бірге фотосессия жасаған сәтін Instagram желісіндегі ресми парақшасына жариялады.

"Творчествалық процесс сан-саланы қамтиды. Халық перзенті болғаннан кейін тың туындылар тудыру, талмай еңбек ету – ел-жұрт алдындағы перзенттік парызым. "Сұңқар" фотостудиясының қыз жігіттері маған сый-құрмет көрсетіп, әр түрлі киім үлгілерін ұсынып, керемет фотосессия жасады. Ұжым жетекшісі Мұрат бауырыма, ұлттық костюмдерін ұсынған Бақыт қарындасыма, фотогроф қызым Айданаға "жүз жасаңдар, айналайындар" деген ақ жарма бата-тілегімді бердім, ақ маңдайларынан сүйдім", – деп жазды Нұрғали Нүсіпжанов.

Айта кетейік, Нұрғали Нүсіпжанов биыл 88 жасқа толды. Ал жұбайы Жадыра Сейдеш өзінен 45 жасқа кіші.