фото: Әлеуметтік желіден. Суретте: Наркенже Серікбаева мен қызы
Дәстүрлі әнші Наркенже Серікбаева әлеуметтік желіде өлең жолдарын жариялап, оқырмандарын елең еткізді.
"Жақсыға да жолыққаным – тағдырым,
Жаманға да жолыққаным – тағдырым.
Жүрсең деймін,
Бәрің аман-сау бүгін,
Ұмытамын бар ренішті, бар мұңын.
Кім болсаң да,
Тек жақсылық тілеймін!
Бір Аллаға тапсырамын барлығын", – деп жазды Наркенже Серікбаева.
Өлеңнің соңында Наркенже Серікбаева бұл шумақтардың авторы Бек Жылқыбаев екенін жазған.