Күні кеше әкесіне 80 млн тұратын көлік сыйлаған боксшы бүгін тосын мәлімдеме жасады

Күні кеше әкесіне 80 млн тұратын көлік сыйлаған боксшы бүгін тосын мәлімдеме жасады

фото: instagram/sadriddin_____soq. Суретте: Садриддин Ахмедов

Кәсіпқой боксшы Садриддин Ахмедов әлеуметтік желідегі парақшасында көпшілікке батыл мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Садриддин Ахмедов Instagram желісіндегі ресми парақшасында жаңа жазба жариялады.

"Мақсатымыз айқын, еңбектенейік, жігіттер", – деп жазды Садриддин Ахмедов.

Айта кетейік, Садриддин Ахмедов кәсіпқой бокста 16 жекпе-жек өткізіп, соның 15-інде жеңіске жетсе, 1 мәрте тең түскен. Соңғы мәрте ол осы жылдың сәуір айында мексикалық Хесус Эспадасқа қарсы жекпе-жек өткізіп, тең түскен болатын.

Сондай-ақ ол Садриддин Ахмедов әкесіне Toyota Land Cruiser 300 автокөлігін сыйға тартқан болатын.