Танымал кәсіпқой боксшы әкесіне 80 млн тұратын қымбат көлік сыйлады (ФОТО)

Танымал кәсіпқой боксшы әкесіне 80 млн тұратын қымбат көлік сыйлады (ФОТО)

фото: instagram/sadriddin_____soq. Суретте: Садриддин Ахмедов

Кәсіпқой боксшы Садриддин Ахмедов әкесіне Toyota Land Cruiser 300 автокөлігін сыйға тартты, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Садриддин Ахмедов бұл жаңалықты Instagram желісіндегі ресми парақшасында айтып, көпшілікке де ой салды.

"Алланың қалауымен, бұл көлікті әкеме сыйға тарттым! Ата-аналарымыз балаларының берген әр сыйына, қошеметіне лайық деп есептеймін. Өйткені берекенің бір үлкен сыры – ата-ананың разылығында. Менің балаларым да әкесінің істеген осындай істерін көрсе жаман болмайды деп есептеймін, сол үшін тек жақсы дүниелерлі көрсетуміз керек. Біз жастар, амандық болса, әлі талай көлікке отырамыз. Өзім сияқты жастарға берер кеңесім – өсейік, өнейік, еңбектенейік! Алла бізді біреуден кем болсын деп жартақан жоқ, тек жолдарын іздеу керек! Адал еңбек әрқашан жеңеді, тек Алладан күдіктенбей, үмітпен еңбектену керек! Жастар сендерге вызов, қанеки ата-аналарымызды қолымыздан келгенше көтерейік!" – деп жазды Садриддин Ахмедов.

Боксшының әлеуметтік желідегі суретіне назар аударар болсақ, әкесіне сыйға тартқан Toyota Land Cruiser 300 автокөлігі қазіргі нарықта 80-95 млн теңге аралығында тұрады. Алайда бұл баға таңдаған комплектациясына (GR Sport, ZX, VX, т.б.), қосымша жабдықтарына, айналымдағы салық пен кедендік алымдарға байланысты өзгеріп отырады.

Айта кетейік, Садриддин Ахмедов кәсіпқой бокста 16 жекпе-жек өткізіп, соның 15-інде жеңіске жетсе, 1 мәрте тең түскен. Соңғы мәрте ол осы жылдың сәуір айында мексикалық Хесус Эспадасқа қарсы жекпе-жек өткізіп, тең түскен болатын.