"Сұлулық ханшайымы": Тұрсынбек Қабатовтың қызы қандай бизнеспен айналысады?

"Сұлулық ханшайымы": Тұрсынбек Қабатовтың қызы қандай бизнеспен айналысады?

фото: instagram/adema.tursinbekkyzy. Суретте: Әдемі Тұрсынбекқызы

Ақнәзік Шайзат есімді эксперт әлеуметтік желідегі парақшасында әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың қызының кәсібі туралы айтты.

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың үлкен қызы Әдемі қазіргі таңда Dyson-ға арналған тірек құрылғыларын жасайды екен. Эксперттің айтуынша, ол өзінің Instagram парақшасы арқылы қоғам арасында сұраныс туғызған.

"Тұрсынбек Қабатовтың қызы Instagram мен TikTok-та бір ғана бимен танымал болды. Сондай-ақ ол тек бимен шектелмей, ешкімде жоқ бизнес идеяны ойлап тапты. Ол Dyson-ға арналған тірек құрылғысын жасап, оған видео түсіріп, 1 миллион қаралым жинады. Бұл видеосы сұраныс тудырып, қоғамда кеңінен таралды", – деді Ақнәзік Шайзат.

Бұдан кейін Ақнәзік Шайзат өзінің негізгі қызметі туралы айтып, шолу жасады.