фото: Никита Басов. Суретте: Алмас Өтешов
Қазақстандық зілтемірші Алмас Өтешов жас күнін еске алып, жантебірентерлік жазба жариялады, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Алмас Өтешов Instagram желісіндегі ресми парақшасында спортшы күніндегі жетістігін еске алып, ерекше видео жариялады. Ол әлем чемпионатында жетістікке жеткен видеосын сағынып қайталап көрді.
"Спортшы болған кезді сағынады екенсің. Әлем чемпионатының аурасы бөлек қой", – деді Алмас Өтешов.
Айта кетейік, Алмас Өтешов 2013 жылы Врацловта өткен әлем чемпионатында күміс медаль еншіледі. Сондай-ақ ол 2014 жылы Инчхонда өткен Азия біріншілігінде күміс медальді қанжығасына байлады.