фото: әлеуметтік желіден. Суретте: Бақыт Тұрман мен Қайрат Әділгерей
Танымал әзілкеш Қайрат Әділгерей достары жайлы естеліктерін айтып, өткен күнді еске алды.
Қайрат Әділгерей журналист Әйгерім Сейфоллаға берген сұқбатында "уақыт бөлген, бірақ үмітін ақматаған" достары туралы айтты.
"Қалай келіп, қалай кетіп қалғанын да білмедім. Не үшін мен соған уақыт бөлдім? Не үшін мен сонымен жүрдім? Ол менің өміріме келіп, уақытымды жеп кетті. Мен сол үшін отбасыммен қырылдым. Сол үшін әйелімді жерден алып, жерге салдым. Мен еркектік амбициямен "менің досым келіп тұр, мен сонымен уақытымды өткізбейін бе?" деп ұрысқам. Бірақ қарап тұрсам, өмірімде неше түрлі адам кіріп-шығып жүре беріпті. Соларға кеткен уақытт ойлап, ішім ашиды", – деді Қайрат Әділгерей.