фото: sportinside.kz коллажы
Танымал әнші Сәкен Майғазиевтің жұбайы Динара Майғазиева келіні Әдияға қамыр илеуді және жаюды үйреткен сәтін көпшілікке көрсетті.
Бұл бейнежазба Instagram желісінде таралып, жұрттың қызу талқысына түсті. Бейнежазбада ене мен келіннің ас үйдегі қарапайым, бірақ маңызды дәстүрдің бірі – қамыр жаюмен айналысып жатқаны көрінеді. Динара Майғазиева қамыр илеп жатқан келініне бағыт-бағдар беріп, ұлттық тағам дайындаудың сырларымен бөлісіп жатыр.
Алайда желі қолданушылары бұл сәтке түрліше көзқарас білдірді. Бірі келін тәрбиесінің дұрыс жолы екенін айтса, енді бірі қамырдың сапасына күмән келтіріп, әзіл-қалжыңмен жазылған пікірлер қалдырған.
Көпшілік арасында "Бұл – қазақи тәрбие мен дәстүр жалғастығының көрінісі" деген оң пікірлермен қатар, "Мұндай сәттерді жарияламай-ақ, отбасы ішінде үйретуге болады" деген сын айтқандар да табылды.