фото: Сали Сабиров / ҰОК. Суретте: Назым Қызайбай
Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Назым Қызайбай ерекше жаттығу үлгісін көрсетіп, жанкүйерлерін таңғалдырды, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Боксшы Назым Қызайбай Instagram желісіндегі ресми парақшасында жаттығу барысынан видео жариялады.
"Әлемнің үш шыңы артта. Қазір – төртіншісі үшін жаттығу лагеріндемін. Бусеназ Сюрменали осы комбоны жасап көр деп жіберген еді, күшті екен. Бірақ бүгін әрең жүрмін, барлық денем ауырып, оның үстіне, таңғы жаттығуда бапкеріміз Мұхит Ахметов жаман қинады", – деп жазды Назым Қызайбай.