"Міндетті түрде өтеді": Хабибке президент сарайында жекпе-жек өткізу ұсынылды

"Міндетті түрде өтеді": Хабибке президент сарайында жекпе-жек өткізу ұсынылды

фото: Carmen Mandato/Getty Images. Суретте: Хабиб Нурмагомедов

UFC-дің аңызға айналған бұрынғы жекпе-жек шебері Тони Фергюсон MMA Crazy YouTube арнасына берген сұқбатында Хабиб Нурмагомедовпен Ақ үйде жекпе-жек өткізгісі келетінін айтты, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Естеріңізге сала кетейік, екі жұлдыздың кездесуі бұған дейін бірнеше рет жоспарланғанымен, түрлі себептермен өтпей қалған.

4 шілдеде АҚШ президенті Дональд Трамп Ақ үй аумағында UFC турнирін өткізуді жоспарлап отырғанын мәлімдеді. Бұл шара 2026 жылы АҚШ-тың 250 жылдық мерейтойына арналған іс-шаралар сериясының бастамасы болмақ.

Бұл ерекше идея ММА жанкүйерлерінің қызығушылығын тудырды.

Осыған орай, журналистер Тони Фергюсоннан осындай бірегей турнирде кіммен жекпе-жекке шығуды армандайтынын сұрады.

"Мен Ақ үйде Хабибпен төбелесер едім. Тіпті, мүмкін ол да мұны қалар. Оның әкесі біз екеуміздің жекпе-жегіміз – міндетті түрде өтуі керек жекпе-жек деп айтқан еді", – деді бұрынғы уақытша чемпион Тони Фергюсон.