фото: olympic.kz. Суретте: Самирхон Абабакиров
Германияда өтіп жатқан 2025 жылғы жазғы Универсиадада Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте 23-орында тұр, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Қазақстан құрамасының еншісінде 1 алтын және 10 қола медаль бар. Қазіргі таңда ел қоржынына жалғыз алтынды таэквондошы Самирхон Абабакиров салды.
Медаль саны бойынша көш басында АҚШ құрамасы тұр. Америкалық спортшылардың еншісінде 72 медаль бар: 28 алтын, 20 күміс және 24 қола. Екінші орында – Қытай: 44 медаль (19 алтын, 20 күміс, 5 қола), ал үшінші орында – Оңтүстік Корея: 38 медаль (14 алтын, 7 күміс, 17 қола).
Айта кету керек, Өзбекстан құрамасы да үздік ондыққа енді. Олар қазіргі таңда 3 алтын, 4 күміс және 7 қола медальмен 9-орында келеді.
Германияның Рейн-Рур өңірінде өтіп жатқан 2025 жылғы жазғы Универсиада 27 шілдеге дейін жалғасады.