фото: әлеуметтік желіден. Суретте: Хасан Қасымбаев
Алматы облыстық прокуратурасы "қылмыстық топ жетекшісі" ретінде танылған Хасан Қасымбаевқа қатысты қылмыстық істі тексеріп жатыр, деп хабарлайды Jasalash.kz.
Ведомствоның мәліметінше, іс 2025 жылғы 21 шілдеде айыптау актісімен бірге прокуратураға түскен. Қазір іс Қылмыстық-процестік кодекстің 302-бабына сәйкес процессуалдық шешімнің заңдылығы тұрғысынан тексерілуде.
Алайда тергеу деректері әзірге ҚПК-нің 201-бабына байланысты жарияланбай отыр.
Айта кетейік, 2024 жылдың қарашасында Хасан Касымбаев MMA жаттықтырушысы Арман Алимовты ұрлап, соққыға жыққан деген күдікпен қамауға алынған еді.
Бұқаралық ақпарат құралдары оны атышулы "Хутор" қылмыстық тобының ықтимал жетекшісі деп атаған.