фото: ашық дереккөзден
Белгілі құқық қорғаушы, заңгер Айгүл Орынбек қоғам белсендісі әрі айтыскер Айнұр Тұрсынбаеваға қатысты маңызды мәлімдеме жасады.
Оның айтуынша, Айнұр Тұрсынбаева басқаратын «Айдын Нұр» қайырымдылық қоры да Перизат Сәттарованың қорымен бірдей жіті тексерілуі керек.
"Айдын Нұрын қоры дәл Перизаттың қоры сияқты мұқият тексерілуі керек деп талап етемін! Қанды Қаңтар оқиғасының алдында халықтан аямай ақша жиналды. Ал Қаңтардан кейін менің тексерсін деген сұранысымнан соң, көп ұзамай бұл қор жабыла салды. Бұл – үлкен күдік тудырады", – деді заңгер.
Айгүл Орынбек мұндай қорлар арқылы қаржы жинаудың жиілеп кеткеніне алаңдаулы екенін жеткізді. Ол бақылаусыз жұмыс істеп жатқан қорлар ел ішінде сенімсіздік тудырып отырғанын айтты.
"Біздің елде саны көп, бірақ сапасы жоқ, бақылаусыз қорлар жетерлік. Кейбір әкімдер мен шенеуніктер кәсіпкерлерден "заңды түрде" ақша жинау үшін арнайы қор ашып алған. Яғни параны айналып өтіп, қор арқылы алады. Қайырымдылықты желеу еткен жалған қорларды жабатын уақыт келді! Мемлекет қарапайым халықтың сенімін пайдаланып, ақша жымқыруға жол беріп отырғандарға нақты шара қолдануы тиіс!", – деп мәлімдеді ол.