фото: Alash.kz
Танымал әнші әрі актриса Айгүл Иманбаева АҚШ-қа қоныс аударып, шетелдегі жаңа өмірімен бөлісе бастады. Бұл туралы Alash.kz хабарлайды.
Әнші Instagram желісіндегі ресми парақшасына жариялаған видеолардың бірінде жаңа көршісімен таныстырып, өз қуанышын жасырмады.
"Құдай маған көршіні бере салды. Ирина, сізбен көрші болғанымызға қуаныштымыз. Өзі Челябинск қаласынан екен, жолдасы Мексикадан. Үш баласы бар", – дейді Иманбаева видео барысында.