фото: ашық дереккөзден. Суретте: марқұм Айзат Жұманова мен оның жолдасы
Белгілі журналист Руслан Өтепбай марқұм Айзат Жұманованың қазасына қатысты оның қайын атасынан эксклюзив сұқбат алды.
22 маусымда Жетісу облысы Ақсу ауданына қарасты Баласаз ауылында ауыр оқиға орын алды. 30 жастағы Айзат Маратқызын күйеуі қатыгездікпен ұрып-соғып, ауыр хәлге түсірген. Ол алдымен әйелін ата-анасының үйіне апарып тастап, артынша аудандық ауруханаға жеткізген.
Алайда сол уақытта ауруханада жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқандықтан, Айзатты Талдықорған қаласындағы медициналық мекемеге жіберуге мәжбүр болған. Өкінішке қарай, ол кезде уақыт тым кеш еді – дәрігерлер оның өмірін аман алып қала алмады.
"Күдіктінің әкесінен сұхбат алдым. Оның айтуынша "атпен сүйреп өлтірді" деген жалған сөз дейді. Қылмыс орын алған күні Айзаттың ата-енесі басқа қалада болған. Үйде ерлі-зайыпты екі жасар қызбен қалған екен", – деп жазды Руслан Өтепбай.
Бұған дейін журналист Руслан Өтепбай Талдықорғанда болған жантүршігерлік оқиғаны зерттеуге барғанын жазған едік.