Қазақ футболшысы бокстан абсолютті әлем чемпионының құйрығынан бір тепті (ВИДЕО)

Қазақ футболшысы бокстан абсолютті әлем чемпионының құйрығынан бір тепті (ВИДЕО)

фото: sportinside.kz коллажы. Суретте: Нұралы Әліп пен Дмитрий Бивол

Ресейлік "Зенит" футбол клубының қорғаушысы Нұралы Әліп жартылай ауыр салмақтағы абсолютті әлем чемпионы Дмитрий Биволдың құйрығынан бір тепті, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Кәсіпқой боксшы Дмитрий Бивол "Зенит" футбол клубына арнайы қонаққа барып, ойыншылармен бір күн жаттығу істеген. Футболшылар арасында дәстүрге айналған қағида – егер командаға жаңа ойыншы қосылса, оны арнайы дәліз жасап күтіп алады. Сол кезде футболшылар жаңа ойыншыны арқасынан қағып, арасынада бір-бірден ұрып-ұрып жібереді.

Дмитрий Биволды дәл осылай дәліз жасап күтіп алған сәтте ұлттық құрама ойыншысы Нұралы Әліп боксшының құйрығынан бір тебеді.

Айта кетейік, Нұралы Әліп ресейлік "Зенит" клубы сапында 2022 жылдан бері ойнап келеді.