Перизат Қайрат жұрттың ақшасын ғана ұрлаған жоқ – танымал дінтанушы

Перизат Қайрат жұрттың ақшасын ғана ұрлаған жоқ – танымал дінтанушы

фото: sportinside.kz коллажы. Суретте: Қайрат Жолдыбайұлы мен Перизат Қайрат

Белгілі дінтанушы, жазушы Қайрат Жолдыбайұлы миллиардтаған ақшаны жымқырды деп айыпталып жатқан Перизат Қайрат туралы өз ойын айтты.

"Перизат Қайрат жұрттың ақшасын ғана ұрлаған жоқ. Ол тұтас елдің қайырымдылыққа деген сенімі мен үмітін ұрлады. Алдынғысының орны толар, ал екіншісін қалпына келтіру қиын іс.

Осы уақытқа дейін өрт, су тасқыны, пандемия секілді апат кезінде де талай игі істер, ал былайғы уақытта мұқтаж жандардың көптеген мәселесі жұрттың қайырымдылық көмегі арқылы шешіліп келді. Қазір де талай қорлар мен жекелеген адамдар осы бағытта шын пейілімен адал жұмыс істеп жатыр. Перизаттың ұрлығы осындай игі істерге жасалған үлкен қиянат болды. Өкініштісі, жұрт енді қайырымдылық десе күмәнмен қарап, үркетін болды. Дертке шалдыққан, басына қиын іс түскен қайырымдылыққа зәру талай жан осындайлардың кесірінен көмексіз қалмаса екен.

Болатын нәрсе болды. Ендігі жерде жомарт жүректі дана халқымыз мұндай алаяқтардан барынша абай болып, қайырымдылық істерін сенімді орындар арқылы жалғастыра беретіндігінде еш күмәніміз жоқ. Себебі адамға пайдалы болудан асқан өмірде мән де, жақсылық да жоқ", – деді Қайрат Перизат.