фото: olympic.kz. Суретте: Нұрбек Оралбай
2024 жылдың 30 маусымы мен 7 шілдесі аралығында Астанада бокстан World Boxing ұйымы аясындағы Әлем кубогының кезекті кезеңі өтеді. Бұл турнирде Қазақстан ұлттық құрамасының жетекші былғары қолғап шеберлері ел намысын қорғайды, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Olympic.kz сайтына берген сұхбатында құрама бас бапкері Қайрат Сатжанов турнирге дайындық барысы мен алдын ала құрамды жариялады.
Жоспарлы дайындық үш кезеңнен тұрады
Бірінші оқу-жаттығу жиыны
– 1–18 мамыр аралығында Түркістан облысындағы «Алматау» спорт кешенінде өтті.
– Бұл кезеңде негізінен техникалық-тактикалық дайындық жүргізілді.
Екінші жиын
– 26 мамыр – 9 маусым аралығында Щучинск қаласында өтуде.
– Мұнда физикалық дайындыққа ерекше көңіл бөлінуде.
Соңғы жиын – халықаралық деңгейде
– 17–29 маусым аралығында өтетін бұл жиынға АҚШ, Канада, Ирландия, Бразилия және Аустралиядан боксшылар қатысады.
– Бұл кезең – турнир алдындағы соңғы дайындық.
Қазақстан құрамасының алдын ала құрамы
-50 кг: Санжар Тәшкенбай
-55 кг: Махмұд Сабырхан
-60 кг: Серік Теміржанов
-65 кг: Ертуған Зейнуллин
-70 кг: Абылайхан Жүсіпов
-75 кг: Сабыржан Аққалықов
-80 кг: Нұрбек Оралбай
-85 кг: Бекзад Нұрдәулетов
-90 кг: Сағындық Тоғамбай
+90 кг: Айбек Оралбай
Бас бапкердің айтуынша, команданың әр мүшесі – өз салмағында үздік және турнир барысында жоғары нәтижеге жетуге әлеуеті жеткілікті.