Қазақ жауынгері қарсыласын бір соққымен құлатып, UFC жобасының финалына шықты

Қазақ жауынгері қарсыласын бір соққымен құлатып, UFC жобасының финалына шықты

фото: ашық дереккөзден. Суретте: Әліби Ыдырыс

Қазақстандық ММА файтері Әліби Ыдырыс UFC ұйымдастыратын The Ultimate Fighter 33 реалити-шоуының финалына шықты, деп жазады Sportinside.kz.

Жартылай финалда Әліби Ыдырыс венесуэлалық Ройберт Эчеверриямен кездесіп, бірінші раундта-ақ қарсыласын тоқтатып тастады. Әліби тізесімен соққы жасап, оны нокаутқа түсірді.

Финалда отандасымыз Иманол Родригес бен Джозеф Моралес арасындағы жекпе-жектің жеңімпазымен кездеседі.

Айта кетейік, ширек финалда Әліби Ыдырыс өзбекстандық Фурқатбек Екубовты төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңген болатын.

The Ultimate Fighter шоуында Әліби Ыдырыс атақты Даниэль Кормьенің командасы атынан өнер көрсетуде. Шоудың финалында жеңіске жеткен спортшы UFC-мен эксклюзивті келісімшартқа ие болады.