"Ешкім білмейді": 19 жастағы хоккейші қонақүйде жұмбақ жағдайда қаза тапты

"Ешкім білмейді": 19 жастағы хоккейші қонақүйде жұмбақ жағдайда қаза тапты

фото: SolStock/Getty Images

19 жастағы британдық хоккейші Гэри Келли Ибицадағы қонақүйде қайтыс болды. Бұған дейін дәл осындай жағдайда тағы бір британдық азамат көз жұмған еді, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Ағылшын басылымдарының жазуынша, спортшы қонақүйдің балконынан құлап кеткен. Оқиға орнына жедел жәрдем шақырылғанымен, дәрігерлер оның өмірін құтқара алмады.

Полиция бұл оқиғаны байқаусызда болған қайғылы жағдай деп бағалап отыр. Құқық қорғау органдарының айтуынша, бейнебақылау камераларындағы жазбалар да бұл нұсқаны растайды.

Айта кетейік, осыдан екі апта бұрын дәл осындай жағдайда Гэри Келлидің отандасы Эван Томсон да қаза тапқан болатын.

Қауіпсіздік шаралары жеткіліксіз деген сынға ұшыраған қонақүй әкімшілігі барлық ойын-сауық шараларын тоқтатқанын мәлімдеді.

Гэри Келли Шотландияның ұлттық лигасындағы "Данди Рокетс", "Абердин Линкс" және "Данди Старз" командаларында өнер көрсеткен. Өткен маусымда ол 13 ойын өткізіп, 17 ұпай жинаған.