фото: әлеуметтік желіден. Суретте: Бүркіт пен Аиша
Танымал әнші Бүркіт отбасындағы бала тәрбиесіне қатысты өз ойын білдірді.
Бүркіт журналист Әйгерім Сейфолланың "Сырласу" бағдарламасына берген сұқбатында үйдегі тәрбие, балалардың оқуы жөнінде аз-кем пікір білдірді.
"Қызыма мен ұрыспаймын, ол ерке қыз. Аиша екеуміз балаларды бөлісіп алғанбыз. Шешесіне жібергем қызымды, "өзің тәрбиелейсің" дедім. Ал екі ұл менің тәрбиемде. Екеуі ондай қатты бұзық та емес, мәдениетті балалар. Бәрі мемлекеттік мектепте оқиды. Қазақ мектебінде білім алады, оқулары жақсы. Керісінше, ақылы мектептен алып кеттім", – деді Бүркіт.