фото: olympic.kz. Суретте: Самирхон Абабакиров
Таэквондошы Самирхон Абабакиров Қазақстан құрамасына Универсиада-2025 жарысында алғашқы алтын медальді алып келді, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Бұл жарыс Германияның Рейн-Рур аймағында өтіп жатыр. Универсиаданың бесінші күнінде Қазақстан командасының көшбасшыларының бірі Самирхон Абабакиров таэквондодан сынға түсті.
63 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалдық кездесуде ол түрік спортшысы Өмер Фарук Дайыоғлуды екі раундтың нәтижесінде 2:0 есебімен жеңіп шықты. Осылайша, Самирхон Абабакиров ел қоржынына алғашқы алтын медальді салды.
Бұған дейін таэквондошылар Бейбарыс Каблан, Батырхан Төлеуғали, Нодира Ахмедова, Темірлан Тілеулес пен Дамир Шуленов, сондай-ақ гимнаст Айбота Ертайқызы Универсиадада қола медаль жеңіп алған болатын.