"Сәкен свежий құдасына дженси кит кигізді": әншінің бас тағы да дауға қалды

"Сәкен свежий құдасына дженси кит кигізді": әншінің бас тағы да дауға қалды

фото: Видеодан скриншот

Таяуда белгілі өнер иесі Сәкен жаңа құдасына жағалы тонның орнына заманауи "дженси" күртеше кигізіп, ел назарын өзіне аударды. Ата-баба дәстүрімен «қасқыр ішік» жабылады деп күткен жұрт бұл әрекетке таңданыспен қарап, әлеуметтік желілерде пікірлер қарша борады.

Желі қолданушыларының бір тобы:

«Қыз алып отырып, құдасына “дженси” дегені не сұмдық? Жағалы тонның орны қайда қалды?..» — деп, ұлттық дәстүрге сай келмейді дегенді алға тартты.

Ал екінші тарап:

«Осындай дженси күртешелердің бағасы 4–5 миллион теңгеге дейін барады. Бұл – арзан базар тауарымен шатастырмаңыздар. Бренд танымайтындар тыныш отырсын», — деп, Сәкеннің отандық сән индустриясына қолдау білдіргенін құптайды.

Дегенмен, үшінші тарап күмәнмен қарап:

«Дәл осындай күртешені базардан 30 мың теңгеге көргем»,
«Атам қазақ құдасына қасқыр ішек жапқан. Ұсақталып барамыз…» — деп, қазіргі сән ағымын дәстүрмен салыстырып, қарсылық білдіруде.

Дереккөз: Ербол Мәндібек парақшасы