фото: sportinside.kz коллажы. Суретте: Наркенже Серікбаева
Дәстүрлі әнші Наркенже Серікбаева көзінің астына операция жасатты.
Бұл операцияны Наркенже Серікбаева Шымкент қаласындағы "Банумед" пластикалық хирургия орталығында жасатты.
"Сіздерге уәде бергендей 1 аптадан кейін нәтижені бөлісеміз. Наркенже ханым өзін жақсы сезінуде, ешқандай дискомфорт болмаған, керісінше көзілдірік тағып, тойларда ән айтып үлгеріпті", – делінген орталықтың әлеуметтік желісіндегі парақшасында.
Өз кезегінде Наркенже Серікбаева да емдік шаралардың бәрі жақсы өткенін, қазіргі таңда өзін жақсы сезінетінін айтты.
"Көзілдірігімді тағып алып, ән айтып жүре бердім. Өзіме қатты ұнады. Өзімді жас қыздай сезініп тұрмын", – деді Наркенже Серікбаева.