"Барыс" клубы қазақ бапкерін қуып, орнына ресейлік маманды алып келді

"Барыс" клубы қазақ бапкерін қуып, орнына ресейлік маманды алып келді

фото: hcbarys.kz. Суретте: "Барыс" хоккей клубы

Астаналық "Барыс" хоккей клубы Евгений Королевтің бас бапкердің міндетін уақытша атқарушы болып тағайындалғанын хабарлады, деп жазады Sportinside.kz.

Клубтың мәлімдемесінде өткен маусымдағы қанағаттанарлықсыз спорттық нәтижелерге байланысты негізгі команданың бапкерлік құрамына өзгерістер енгізу туралы шешім қабылданғаны айтылған.

"Өткен маусымдағы спорттық нәтижелердің көңіл көншітпейтіндігіне байланысты негізгі команданың бапкерлер құрамына өзгерістер енгізу жөнінде шешім қабылданды. Қазіргі уақытта бас бапкердің міндетін уақытша атқарушы ретінде Евгений Королев тағайындалды. Барлық рәсімдік үдерістер аяқталған соң, толық ақпарат жарияланады", – делінген ресми мәлімдемеде.

Айта кетейік, бұған дейін "Барыс" клубының бас бапкері қызметін Ғалым Мәмбеталиев атқарған болатын. Қазақстандық маманмен үш жылдық келісімшарт жасалған еді.