Елена Рыбакина ұлттық құрамаға қатысты маңызды шешім қабылдады

Елена Рыбакина ұлттық құрамаға қатысты маңызды шешім қабылдады

фото: Қазақстанның теннис федерациясы. Суретте: қазақстандық теннисшілер

Теннистен Қазақстанның әйелдер құрамасының Билли Джин Кинг Кубогына қатысатын құрамы белгілі болды, деп Sportinside.kz тілшісі Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Турнирдің финалдық кезеңі 16-21 қыркүйек аралығында Қытайдың Шэньчжэнь қаласында өтеді. Қазақстан құрамасы ширек финалда АҚШ командасымен кездеседі.

Еліміздің намысын мына теннисшілер қорғайды:

АҚШ құрамасы атынан өнер көрсететін ойыншылар:

  • Әлемнің 4-ракеткасы – Джессика Пегула
  • 8-орындағы – Мэдисон Киз
  • 11-орындағы – Эмма Наварро
  • Жұптық сында әлемнің 2-ракеткасы – Тейлор Таунсенд
  • 50-орындағы – Хейли Баптист
  • АҚШ құрамасының капитаны – Линдси Дэвенпорт

Қазақстан мен АҚШ арасындағы матч 18 қыркүйекте өтеді.

Айта кетейік, Қазақстанның әйелдер құрамасы Билли Джин Кинг Кубогының финалдық кезеңіне өз тарихында үшінші рет қатыспақ.