фото: instagram.com/zhunusova.makpal. Суретте: Мақпал Жүнісова мен қызы Мерей
Халық әртісі Мақпал Жүнісова мен қызы Мерейдің бірге билеген сәті әлеуметтік желі қолданушыларының жүрегін елжіретті.
Instagram парақшаларының бірінде жарияланған видео жұрттың ыстық ықыласына бөленді.
Көпшілік Мақпал Жүнісоваға "Қызыңның қызығын көріңіз", "Мерейің бармақтай бақ болсын", "Көргенді, тәрбиелі қыз екен", "Анасы мен қызы бірдей сұлу" деп жылы лебіздерін жаудырып жатыр.
Желі қолданушылары ана мен қыздың арасындағы жылы қарым-қатынасқа тәнті болып, елге үлгі етіп отыр.