фото: Reuters.com
2026 жылғы футболдан өтетін әлем чемпионатына жолдама алған Өзбекстан құрамасы ел тарихындағы айтулы жетістікке қол жеткізді. Бұл оқиға елдегі спорт саласының дамуындағы жаңа белес ретінде бағалануда, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Президенттің марапаты мен алғысы
Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев ұлттық құраманың бапкері, ойыншылары мен жаттықтырушылар штабына жоғары мемлекеттік марапаттар табыстау туралы жарлыққа қол қойды.
Бас бапкер Тимур Кападзе мен барлық ойыншылар «Өзбекстан мақтанышы» атағын иеленді.
Бұл марапат негізгі құрамнан бөлек, Азия аймақтық іріктеу кезеңінде көзге түскен жас футболшыларға да берілді.
Ордендер мен медаль иегерлері
Равшан Ирматов (Футбол қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары) – «Фидақорлық еңбегі үшін» орденімен марапатталды.
Сречко Катанец (шетелдік жаттықтырушы) – «Достық» орденінің иегері атанды.
Алишер Арипов (құрама дәрігері) – «Денсаулық» ІІ дәрежелі орденіне ие болды.
Физиотерапевтер – «Салауатты өмір салты» медалімен марапатталды.
Құрамамен жұмыс істеген администраторлар, аудармашылар, медиа мамандар мен белсенді жанкүйерлер — «Шуһрат» медалін алды.
Футболшыларға BYD автокөлігі сыйға тартылды
Тарихи жетістікке орай Өзбекстан Президенті құрама ойыншыларын жеке өзі құттықтап, ұлттық құраманың футболшыларына қытайлық BYD маркалы заманауи автокөліктер сыйға тартылатынын жария етті.