фото: sportinside.kz коллажы. Суретте: Дэвид Бекхэм мен Виктория Бекхэм
Әлеуметтік желіде ағылшын футболының аңызы Дэвид Бекхэмнің жары Викторияның күйеуіне реніш білдірген видеосы кеңінен тарады, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Футболдан Англия құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы Дэвид Бекхэм әлеуметтік желідегі парақшасында өзінің жұбайы түсірген видеоны жариялаған. Видеодан Бекхэм шашын аламын деп байқаусызда самайынан үлкен ойық қып алған тұсын көруге болады.
Видеода Виктория ашық әрі эмоциямен күйеуіне тіл қатып жатыр:
– Не істеп қойдың? Қолыңды алып таста да, не істегеніңді көрсет.
– Бұл күлкілі емес!
– Онша емес көрінеді. Мен саған шын айтып тұрмын. Масқара!
Виктория Бекхэм – британдық әнші, дизайнер және кәсіпкер. Ол 1974 жылы 17 сәуірде Англияның Харлоу қаласында дүниеге келген. 1990-жылдары әлемге әйгілі болған Spice Girls тобының мүшесі ретінде танымал. Топта ол Posh Spice лақап атымен белгілі болды.
2001 жылы жеке шығармашылық жолына бет бұрып, Victoria Beckham атты альбомын шығарды. Кейінірек әншілік мансабын доғарып, сән әлеміне бет бұрды. Өзінің сән брендін құрып, заманауи және минималистік стильдегі коллекцияларымен танылды.
Виктория 1997 жылы Дэвид Бекхэмге тұрмысқа шыққан. Қазіргі таңда ол Бруклин, Ромео, Круз және Харпер есімді төрт баланың анасы.
Дэвид Бекхэм – ағылшын футболының аңызы. Ол 1975 жылы 2 мамырда Лондонда дүниеге келген. Ол кәсіби мансабын 1992 жылы "Манчестер Юнайтед" клубында бастап, алты мәрте АПЛ чемпионы, екі рет Англия кубогының жеңімпазы атанып, және 1999 жылы Чемпиондар лигасын жеңіп алды.
2003 жылы "Реал Мадридке" ауысып, 2007 жылы Ла Лигада жеңіске жетті. Кейін "Лос-Анджелес Гэлакси", "Милан" және "Пари Сен-Жермен" клубтарында ойнап, 2013 жылы мансабын аяқтады. Англия құрамасы сапында 115 матч өткізіп, 17 гол соққан.