фото: ашық дереккөзден. Суретте: Дэвид Гулд
2024 жылдың 11 қаңтарында ислам дінін қабылдаған бұрынғы америкалық шіркеу қызметкері қажы атанды. Австралиялық Дэвид Гулд 45 жыл бойы православие шіркеуінде қызмет еткен. Өзінің исламға бет бұруы жайында ол жергілікті The Deen Show басылымына берген сұхбатында айтып берді.
Бұрынғы священниктің айтуынша, бір күні Перт қаласындағы мешіттің жанынан өтіп бара жатып, ол сол жерге кіруге ерекше ынтыққанын сезген. Мешіт ішінде имаммен кездесіп, одан қасиетті Құран кітабын сыйға алған.
"Көп жылдар бойы кітап сөресінде Құран тұрды, мен оған көп көңіл бөлмедім. Бірақ бұл жолы қонақүйге қайтып оралғанда сәждеге жығылып, Жаратушыдан шындықты көрсетуін, Ислам діні рас па, жоқ па, соны көрсетуін сұрадым", – деді ол.
Құранды оқыған соң, Гулд бұл кітаптың – нағыз Жаратушының сөзі екенін түсінген. Бұл жағдай оның өміріндегі бетбұрысты сәт болды. Өз епископына жазған хатында ол исламды қабылдағанын және есімін Абдул Рахман деп өзгерткенін хабарлаған.