"Ішінде бала жоқ": Елдос "Колобоктың" әйелінің образы жұртты таңырқатты (ВИДЕО)

"Ішінде бала жоқ": Елдос "Колобоктың" әйелінің образы жұртты таңырқатты (ВИДЕО)

фото: Әлеуметтік желіден. Суретте: Елдос "Колобок" пен оның жары

Желіде кеңінен танымал Елдос "Колобоктың" жұбайы Таңшолпанның кезекті бейнежазбасы жұртшылық арасында қызу пікірталас туғызды, деп хабарлайды Democrat.kz.

Әлеуметтік желідегі парақшасында тойға киінген сәтін көрсеткен Таңшолпан киім таңдау процесін баяндап, үстіндегі көйлегін үш жыл бұрын сатып алғанын және оның әлі де өзіне "шап-шақ" екенін айтып өтті.

Тың көрермендердің назарын ең алдымен оның киім үлгісі мен мүсіні аударды. Қыпша бел, денеге жабыса тігілген көйлек Таңшолпанды ерекше сымбатты, арық етіп көрсеткен.

Дегенмен, дәл осы бейнежазба кейбір желі қолданушыларының көкейінде сұрақ тудырды. Көпшілік оның жүктілік кезеңіне қатысты күмән білдіріп, пікірлер қалдырды:

"Мына жерде іші қайда? Май айы екен. Қазір шілденің 8-і. Сонда екі айда іші өсіп кетеме 5-айлық болып?"

"Ішінде бала жоқ қой..."